Жастар саясаты: алты комитет құрылды

Malim Админ

  • 20.04.2022

Елімізде жастар саясатының маңызды бағыттарында жаңа алты комитет құрылды.

Қазақстанда жастар саясатына қатысты мәселелермен айналысатын алты комитет пайда болды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

«Бүгін жастар саясаты жөніндегі кеңестің елордалық мүшелерімен кездестім. Сондай-ақ, zoom арқылы шетелде тұрып жатқан әріптестермен байланысқа шығып, әңгімелесіп, өзекті мәселелерді талқыладық. Кеңестің жаңа құрамы жуырда жасақталғанына қарамастан, біз біраз жұмысқа кірісіп кеттік. Жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін біз жастар саясаты саласының маңызды бағыттары бойынша алты комитет құрдық. Атап айтқанда ол комитеттер білім беру және ғылым, медиа, креативтілік және өнер, экология, мүмкіндігі шектеулі жастар, гендер мәселелері, тұрғын үй, жұмыспен қамту тағы басқа салалар бойынша құрылды», - деп жазды Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, сәуір-маусым айларында аталған комитет мүшелері мемлекеттік орган басшыларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

«Кеңес мүшелері заң шығару жұмысына атсалыса бастады. Кеңестің 15 мүшесі «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының құрамына кірді. Сондай-ақ, Кеңес мүшелері волонтерлік қызмет, қайырымдылық, үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар және гранттар туралы заң жобалары бойынша жұмыс топтарына қатысады», - дейді ол. Сондай-ақ, Ерлан Қарин кеңес мүшелері кибербуллинг туралы заң жобасының қоғамда қызу пікірталас тудырған нормаларды пысықтап, өзгертуге атсалысқанын айтты. «Кеңестің алдағы жұмысы да өте қауырт. Оның мүшелерін жастарға қатысты маңызды бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге жұмылдыру жоспарланып отыр», - деді Ерлан Қарин. Айта кетейік, Президент жанындағы жастар саясаты кеңесінің жаңа құрамдағы алғашқы жиыны осы жылдың наурыз айында Алматыда өткен болатын.

Аталмыш жиында Кеңестің жаңа құрамына қоғамдық белсенділер, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер, өңірлер, ауыл және шығармашыл жастардың өкілдері, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері, түрлі жастар ұйымдарының көшбасшылары кіргені белгілі болды.

Өз сөзінде мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі тезистеріне тоқталып өткен болатын. Ол Президент жариялаған жаңа реформалар мемлекеттік құрылыстың кезекті кезеңі, Жаңа Қазақстанды құру мен жаңа бастамалардың бастауы екенін атап өтті.

Бұл реформалар азаматтар, әсіресе жастар тарапынан үлкен қолдауға ие болып жатыр. Бұл тұрғыда кеңестің рөлі артады, өйткені оның мүшелері заң жобаларын, тұжырымдамаларды және басқа да стратегиялық құжаттарды талқылауға қатысады деп көзделген. Қазіргі уақытта жастар саясаты туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр, - деді ол.

Ерлан Қарин Кеңес өкілдерін Мәжілістің жұмыс топтарының құрамына кіргізуді ұсынды. Бұдан басқа жастар саясаты жөніндегі кеңес жүйелі жұмыс істеуі үшін оның жанынан әртүрлі комитеттер құру жоспарланған. Бұдан әрі қарай отырыста ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Әзиз Ысқақовтар баяндама жасап, маңыздылықты толық түсіндіруге тырысты.

Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, тақырыпқа қатысты түрлі сұрақтарға жауап берілді. Жиын соңына таяу жоғарыда аталған Кеңес мүшелері мемлекеттік органдардың басшыларына өз сауалдары мен ұсыныстарын жолдады.

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады