«Зекет» қорының экс-басшысына іздеу жарияланды

Бір топ адамдармен бірігіп бюджет қаражатын қалтаға басқан

Malim Админ

  • 26.04.2022

 Қаржы мониторингі агенттігі 1,1 миллиард теңге бюджет қаржысын жымқырды деген екі күдіктіге іздеу салды.  Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр. Іздестіріліп жатқан күдіктінің біреуі 2016 жылдары «Зекет» қорының елордалық өкілдігін  басқарған  Әнуарбек Жексенғалиев. 


Агенттік таратқан хабарламада   «Қаржы мониторингі кәсіпкер Жексенғалиев А.Б.-ға іздеу жариялады. Ол алдын ала келісім бойынша бір топ адамдармен бірігіп, аса ірі сома 1,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Күдіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған», - деп жазылған.

 
1,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша Медетбеков Е.Қ.-ға да іздеу жарияланып отыр.  Оны қамауға алу туралы сот санкциясы шығарылған.
Қаржы мониторингі іздеу жарияланған азаматтардың мекен-жайы бойынша кез келген ақпарат туралы +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына хабарлауды сұрады.


Соңғы кездері зекет пен садақа қаржысына қол сұққандар туралы айтыла бастады. Өткен жылы «Зекет» қорының басшысы Т.Омаровтың заңсыз әрекеттері әшкереленген еді. Қор басшысының халық игілігіне жиналған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап қана қоймай, туысы мен қызын жұмысқа алғаны белгілі болған.  Сондай-ақ Омаровтың туған қызы мұқтаждар тізіміне еніп,  қазынадан көмек алып отырғаны да бұқаралық ақпарат құралдарын шулатқан-ды.       
 

Байланысты жаналықтар

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

10.04.2025

Қазақстан футболындағы дау: 3 млрд теңге қайда жұмсалды?

27.03.2025

Арғын Нығматулин ісі бойынша жаңа мәлімет пайда болды

19.03.2025
MalimBlocks
ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

Қазақстан футболындағы дау: 3 млрд теңге қайда жұмсалды?

Бас прокуратура Қазақстан футболында бұрынғы федерация басшылығы кезінде жасалған бұзушылықтарды анықтады

Арғын Нығматулин ісі бойынша жаңа мәлімет пайда болды