Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Премьер-министр Ұлттық құрылтайдағы идеяларды жүзеге асыру туралы: бәріміз де жауаптымыз

Қоғам
Премьер-министр Ұлттық құрылтайдағы идеяларды жүзеге асыру туралы: бәріміз де жауаптымыз
ФОТО: © gov.kz

Олжас Бектенов Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрын жарияланған ауқымды саяси реформаларының жалғасы болатын жаңа бастамаларды ұсынғанын айтты.

Премьер-министрдің сөзінше, Президенттің Парламент пен қоғамдық институттардың рөлін күшейту жөніндегі ұсыныстары елде демократиялық қағидаттарды саяси жүйеде ғана емес, азаматтардың қоғамдық санасында да біржола орнықтыру үдерісі жүріп жатқанын көрсетеді.

ФОТО: © gov.kz
ФОТО: © gov.kz

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның заманауи сын-қатерлерге қарсы тұруына негіз болатын аса маңызды идеологиялық тұжырымдарды айқындады. Атап айтқанда, қоғамды ұйыстыру, отаншылдық, әділдік және «Заң мен Тәртіп» қағидаттарына берік ұстаным ұлттық идеологияның өзегіне айналуы тиіс. Бұл қатарда «Таза Қазақстан» бастамасы да негізгі құндылықтардың бірі ретінде аталды.

Олжас Бектенов Президент еліміздің одан әрі экономикалық дамуына қатысты басым міндеттерді белгілеп бергенін жеткізді. Мемлекет басшысы әрбір жауапты лауазымды тұлғаға батыл әрі тың инновациялық шешімдер қабылдаудың маңызын қатаң талап еткен.

«Әрбір министр мен әкімнен, әр сала мен әр өңірден халыққа айқын көрінетін нақты нәтижелер қажет», –

деді Премьер-министр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу