Бүгін үкімет отырысына қатысқан Президент атқарушы биліктің жұмысына біраз сын айтты. Мемлекеттік сатып алудан бастап, цифрлық дамуға дейінгі тақырыптады қозғады. Экономист Айбар Олжаев енді көрсеткіштердің орындалуының мойындалуы тек халықтың жағдайына қатысты болады деп есептейді. Сарапшы бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жариялапты.
"Басқа макроэкономикалық көрсеткіштерге бас ауыртпай, халықтың әл-ауқатты өссе ғана нәтиже болды деп есептейтін боламыз. Бұл өте түсінікті KPI және ақырғы нәтижеге ұмтылуға жол ашады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2025 жылғы экономикалық жұмыстың қорытындысына берген бағасында мемлекеттің даму логикасын айқын әрі қатаң түрде сызып өтті. Мемлекет басшысының риторикасында бұрынғыдай декларативті оптимизмнен гөрі, нақты нәтижеге, жүйелік кемшіліктерге және халықтың күнделікті өмірінде сезілетін экономикалық әсерге басымдық берілді. Үкіметтің атқарған жұмысы біржақты мақтаумен емес, «өсу бар, бірақ сапа жеткіліксіз» деген негізгі тезис арқылы сипатталды. Экономика белгілі бір инерциямен алға жылжып келе жатқанымен, құрылымдық серпіліс әлі де толық іске қосылмағаны ашық айтылды."
— депті Айбар Олжай Президенттің бүгінгі сөздеріне қатысты.
Сарапшы Президент бүгін дербес тақырыптарға тоқталғанымен, айтқан сын-пікірі қоғам мен экономиканың қандай салаларына әсер ететінін тарқатып жазған екен:
Президенттің бағалауында негізгі акцент макроэкономикалық көрсеткіштер мен азаматтардың нақты табысы арасындағы алшақтыққа түсті. Жалпы өсім, инвестиция тарту немесе жекелеген салалардағы динамика халықтың әл-ауқатына автоматты түрде әсер етпесе, мұндай өсімнің саяси да, әлеуметтік те құны төмен екені нақты ескертілді. Бұл Үкіметке берілген принципиалды сигнал. Демек экономикалық саясат енді тек есеп беру үшін емес, адамдардың тұрмыс деңгейін нақты көтеру үшін жұмыс істеуі тиіс.
Инфляция мәселесі Президент сөзінің өзегіне айналды. Мемлекет басшысы бағаның өсуі абстрактілі статистика емес, әр отбасының күнделікті шығыны, азық-түлік себетінің көлемі, коммуналдық төлемдер мен қызметтердің қолжетімділігі екенін қатаң түрде атап өтті. Инфляциямен күрес формалды монетарлық шаралармен немесе жауапкершілікті Ұлттық банкке ысырып қоюмен шектелмеуі керек екені айтылды. Үкіметке инфляцияның әкімшілік, логистикалық, монополиялық және импортқа тәуелді факторларын кешенді түрде шешу міндеті жүктелді. Әсіресе баға өсімінің негізгі қысымы түсетін азық-түлік пен базалық қызметтер нарығында делдалдық тізбектерді қысқарту, ішкі өндірісті ынталандыру және нарықтағы жасырын келісімдерге тосқауыл қою қажеттігі айқын белгіленді.
Халықтың әл-ауқатын көтеру мәселесінде Президент әлеуметтік төлемдерді механикалық арттырудан сақ болу керектігін де астарлы түрде жеткізді. Себебі мұндай қадам инфляциялық спиральды одан әрі күшейтіп, түптеп келгенде халықтың нақты табысын емес, тек номиналды көрсеткіштерді ғана өсіруі мүмкін. Мемлекет басшысы әл-ауқаттың тұрақты өсуі жалақының өнімділікпен, экономиканың нақты секторымен және жаңа жұмыс орындарымен тікелей байланысты болуы тиіс екенін баса айтты. Бұл Үкімет үшін әлеуметтік саясатты экономикалық саясаттан бөлек қарамау жөніндегі нақты талап.Президенттің тапсырмаларында өңірлік теңсіздік мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Экономикалық өсімнің жемісі барлық аймаққа бірдей жетпей отырғаны, кей өңірлерде инфляцияның әлеуметтік салдары әлдеқайда ауыр сезілетіні атап өтілді. Осы тұрғыда орталық пен жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі күшейтіліп, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мен халық табысын арттыруда формалды есеп емес, нақты нәтиже талап етілетіні ескертілді. Әкімдердің жұмысын бағалауда макроцифрлардан гөрі, тұрғындардың өмір сапасындағы өзгерістер басты критерий болуы тиіс деген логика анық көрінді.
Жалпы алғанда, Мемлекет басшысының Үкіметтің 2025 жылғы жұмысына берген бағасы оңды болды. Ал ескертпелерінде дағдарыс риторикасы жоқ, бірақ жауапкершілікті күшейтетін салқын прагматизм бар. Президент экономикалық саясаттың басты өлшемі халықтың әл-ауқаты екенін тағы бір мәрте нақтылап, инфляциямен күрес пен табыс өсімін қамтамасыз етуді Үкімет үшін стратегиялық міндет деңгейіне көтерді.Бұл тапсырмалар қағаздағы жоспар болып қалмай, азаматтардың күнделікті өмірінде сезілетін нақты нәтижеге айнала ма? Үкіметтің шынайы тиімділігі дәл осы арқылы өлшенетін болады.
Енді көрсеткіштердің орындалуының мойындалуы тек халықтың жағдайына қатысты болмақ. Басқа макроэкономикалық көрсеткіштерге бас ауыртпай, халықтың әл-ауқатты өссе ғана нәтиже болды деп есептейтін боламыз. Бұл өте түсінікті KPI және ақырғы нәтижеге ұмтылуға жол ашады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2025 жылғы экономикалық жұмыстың қорытындысына берген бағасында мемлекеттің даму логикасын айқын әрі қатаң түрде сызып өтті. Мемлекет басшысының риторикасында бұрынғыдай декларативті оптимизмнен гөрі, нақты нәтижеге, жүйелік кемшіліктерге және халықтың күнделікті өмірінде сезілетін экономикалық әсерге басымдық берілді. Үкіметтің атқарған жұмысы біржақты мақтаумен емес, «өсу бар, бірақ сапа жеткіліксіз» деген негізгі тезис арқылы сипатталды. Экономика белгілі бір инерциямен алға жылжып келе жатқанымен, құрылымдық серпіліс әлі де толық іске қосылмағаны ашық айтылды.