freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қалағанын істей алады»: Канело Головкинмен әңгімесінің мән-жайын айтты

Спорт
«Қалағанын істей алады»: Канело Головкинмен әңгімесінің мән-жайын айтты
gettyimages.com

Сауль Альварес бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен Мысырдағы бокс кешінде болған әңгімесінің жай-жапсарын айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін World Boxing президенті әрі Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті басшысы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің Мысырдағы бокс кешінде кездескені белгілі болған еді. Қазақстандық және мексикалық спортшылар жылы жүздесіп, турнир жекпе-жектерін бірге тамашалағаны айтылды.

«Біз Геннадиймен түрлі оқиғаларды бөлістік. Біз үш тамаша жекпе-жек өткіздік. Бір рингте жұдырықтастық, сондықтан талқылайтын нәрсе көп болды», - деді Альварес.

Сондай-ақ Головкиннің бұрынғы принципті қарсыласынан қазақстандық боксшының рингке қайта оралуы жайлы сұралды.

«Ол қалағанының бәрін істей алады. Меніңше, ол өзіне ұнайтын нәрсені жасауға әбден лайық. Егер қайта оралып, тағы бір жекпе-жек өткізсе, бұл жақсы болар еді», - деп жауап берді мексикалық боксшы.

Еске салайық, Головкин мен «Канело» үш жекпе-жек өткізген. 2017 жылғы алғашқы кездесу тең нәтижемен аяқталса, кейінгі екі кездесуде төрешілер шешімімен Альварес жеңіске жеткен болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу