freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді

Спорт
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді
Спортты дамыту дирекциясы

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық көпсайыс қорытындысы бойынша екінші орын алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, командалық көпсайыста отандастарымыз жалпы 263.65 ұпай жинады. Бұл сында ел намысын Айбота Ертайқызы, Ақмарал Ерекешева, Аида Хакімжанова, Мадина Мырзабай, Жасмин Джунусбаева, Айзере Кеңес, Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қорғады.

Аталған бағдарламада Өзбекстан құрамасы (265.8 ұпай) топ жарса, үздік үштікті Қытай түйіндеді. Құрама команданың жаттықтырушылары – Меруерт Балғынбаева мен Екатерина Панченко. Бас бапкер - Лола Әділбекова. 

Айта кетейік, бұл жарыс күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі болып саналады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу