Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қайтыс болған анасының орнына куәлік алмақ болған азамат ұсталды

Әлем
Қайтыс болған анасының орнына куәлік алмақ болған азамат ұсталды
© goloskarpat.info

Астана, malim.kz. Италияның Борго-Вирджилио қаласында 57 жастағы ер адам қайтыс болған анасын «тірі» етіп көрсету мақсатында грим жасап, парик және әйел киімін киіп, құжат рәсімдеуге келген. Бұл туралы DW - Неміс толқыны жазыпты.

Тергеу деректеріне сәйкес, ер адамның 85 жастағы анасы Грациелла Далл’Ольо үш жыл бұрын қайтыс болған. Алайда ол осы уақыт бойы оның зейнетақысын алып келген. Зейнетақы алуды жалғастыру үшін жаңа жеке куәлік қажет болғандықтан, ер адам өзін анасы ретінде көрсетіп, құжат орталығына барған.

Алайда орталық қызметкері оның түр-әлпетінен күмәнданып, сұрақ қоя бастағанда ер адам есінен танған кейіп танытып, жағдайды жауып-жасырмақ болған. Полиция көп ұзамай  оны ұстады.

Тексеру барысында ең сорақы жайт белгілі болды: ер адам анасының мәйітін үш жыл бойы үйінде жасырып келген.

Қазір ол алаяқтық, қызметтік тұлғаларды адастыру, сондай-ақ, мәйітті жерлеу рәсімін орындамау баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.

Бұл — Италиядағы жалғыз оқиға емес екен. Елде бұған ұқсас жағдайлар жиі тіркелетін көрінеді.

Неапольде бір әйел 7 жыл бойы қайтыс болған анасының зейнетақысын алып, шамамен 80 мың еуро иемденген.

Миланда 50 жастағы ер адам анасының денесін үйдегі бөлмеге қабырғаға бекітеп тастап, ай сайын 1 700 еуро алып отырған.

Италия — Еуропалық Одақтағы халқы ең қарт елдердің бірі: 59 млн тұрғынның 13,2 миллионы — зейнеткер.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу