Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қаскелеңде қамауға алынған адам қашып кетті: қызметкерлерге қылмыстық іс қозғалды

Оқиға
Қаскелеңде қамауға алынған адам қашып кетті: қызметкерлерге қылмыстық іс қозғалды

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қаскелеңдегі сот аумағынан қамауға алынған адам қашып кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Мәжіліс дәлізінде журналистер Игорь Лепехадан оқиғаның егжей-егжейін сұрады. 

"Иә, қашып кетті, қылмыстық іс қозғалды. Іздеп табамыз. Біздің қызметкерлерге немқұрайлық бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді министрдің орынбасары.

Еске салайық, бұған дейін 1 сәуірде Қаскелеңде кісі зорлады деген күдікті сот аумағынан қашып кеткені хабарланды. 

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, сотқа дейін қамауға алынған адам қашып кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қашқынды ұстау бойынша іс-шаралар қабылданған.

Сонымен қатар, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеріс тағайындалған. 

Әлеуметтік желілерде облыста "Сирена" арнайы жоспары енгізілгені, патрульдер күшейтіліп, блокбекеттер орнатылғаны туралы ақпарат тарады.

Фото: Алматы облысы ПД

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу