Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды

Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 


Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.

Осыған дейін 28-29 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен баратынын хабарладық.

Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі. Мыңдаған жылдарға созылған тарихи байланысы бар екі халықтың қазір түрлі саладағы қарым-қатынасы жақсы деңгейде. Екі ел басшысының кезекті кездесуінде саяси және экономикалық байланыстарды нығайту жайы талқыланып, бірқатар келіссөз өтуі мүмкін екені хабарланды.

Фото: Ақорда  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу