freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қасым-Жомарт Тоқаев Путинді Қазақстанға шақырды

Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Путинді Қазақстанға шақырды
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылады.

Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жұмыстарына оң баға беріп, бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын ілгерілетудің маңызына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады.

Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу