freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес жүлде иеленді

Спорт
Қазақстан ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес жүлде иеленді
ҰОК

Мысырдың Исмаилия қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары жүлдегер атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан құрамасы халықаралық додада бес медаль жеңіп алд. Барлық жүлдені отандық атлеттер 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде иеленді. 

Жұлқа көтеру сайысында Әлихан Әскербай 161 келіні бағындырып, күміс медаль иеленді. Ал серпе көтеруде Ерасыл Сәулебеков 199 келімен топ жарды. Бұл жаттығуда Әскербай 194 келіні көтеріп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Қос спортшы қоссайыс қорытындысында да үздіктер қатарынан көрінді. Ерасыл Сәулебеков 356 келі нәтижемен күміс медаль алса, Әлихан Әскербай 355 келімен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, 65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бейбарыс Ерсейіт жұлқа көтеруде 131 келіні еңсеріп, жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу