freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан дзюдошысы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Спорт
Қазақстан дзюдошысы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды
Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ерлер арасында 81 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Әділет Алмат финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, тәжікстандық Сомон Махмадбековті жеңіп, құрлық чемпионы атанды. Осылайша отандық дзюдошылар жарыстың екінші күнінде алтын жүлдеге қол жеткізді.

Әділет Алмат алғашқы белдесуінде қырғызстандық Шыңғысхан Сағыналиевті жеңсе, ширек финалда ұлттық құрама мүшесі Абылайхан Жұбаназардан басым түсті. Ал жартылай финалда тәжікстандық Хожазода Бехрузиді жеңіп, финалға жолдама алды. 

Айта кететін жайт, бұған дейін Қазақстан құрамасының балуандары арасында Данияр Шамшаев 2022 жылы Астанада өткен сары құрлықтың додасында топ жарған еді. Әділет Алматтың бұл Азия чемпионатындағы бірінші жүлдесі. Ол 2023 жылы жастар арасында Азия чемпионы атағына да қол жеткізген болатын.

Сонымен қатар, 81 келіде Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін белдесуде БАӘ өкілінен басым түсіп, үздік үштікті түйіндеді. Әйелдер арасында 63 келіде сынға түскен Есмигүл Куюлова да қола жүлдеге ие болды.

Ал бүгінгі жарыс күнінде Есет Қуанов (73 кг), 57 келіде Дана Әбдірова мен Бақыт Құсақбаева, Самалай Ерғалиева (63 кг) және Ажар Асхат (70 кг) алғашқы айналымнан аса алмады.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының үш балуаны жүлдеге таласып, бесінші орынмен шектелген болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу