freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан гимнастшылары Challenge Cup кезеңінде өнер көрсетеді

Спорт
Қазақстан гимнастшылары Challenge Cup кезеңінде өнер көрсетеді
ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан Варнада (Болгария) өтетін Challenge Cup кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық құрама сапына төрт спортшы енді. Төменде жарысқа қатысатын гимнастардың тізімі берілген.

Оның ішінде, Зейнолла Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар), Нұртан Ыдырысов (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, сақина және қоссырықтағы жаттығулар), Роман Хегай (ат снаряды, қоссырық және кермедегі жаттығулар), Асан Сәлімов (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, кермедегі жаттығулар) сынды атлеттер бар. 

Аталған турнир 7-10 мамыр аралығында өтеді. Бұған дейін қазақстандық гимнаст Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде екінші орынға ие болған еді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу