freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан өз алаңында Уэльске есе жіберді

Спорт •
Қазақстан өз алаңында Уэльске есе жіберді

Бүгін «Астана Арена» стадионында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Уэльс құрамалары кездесті. Матч 0:1 есебімен уэльстік команданың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

51-минутта Ғалымжан Кенжебек есепті теңестіруге жақын болды, алайда оның қатты соққысы қақпа маңдайшасынан кері қайтты.

Ойынның соңғы секундтарында да жанкүйерлерді дүр сілкіндірген сәт орын алды — Қазақстан айып соққысын орындады, бірақ доп тағы да қақпа маңдайшасына тиді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, матчты 28 219 көрермен тамашалады.

J тобында Қазақстан осыған дейін төрт ойын өткізді: наурыз айында Кардиффте Уэльске 1:3 есебімен есе жіберді, одан кейін сырт алаңда Лихтенштейнді 1:0 есебімен жеңді, Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен ұтылып, бүгін өз алаңында Уэльс футболшыларына тағы жол берді.
Фото: ҚФФ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу