freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан қысқы Олимпиаданы 1 алтынмен аяқтады

Спорт
Қазақстан қысқы Олимпиаданы 1 алтынмен аяқтады
Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан құрамасы 2026 жылы Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарындағы өнерін ресми түрде қорытындылады, деп хабарлайды Malim.kz Sn.kz сайтына сілтеме жасап.
 

Ұлттық құрама үшін соңғы жарыс әйелдер арасындағы 50 шақырымдық классикалық стильдегі шаңғы марафоны болды. Аталған сында Надежда Степашкина мен Анна Мельник бақ сынады. Степашкина 32-нәтижемен жарысты аяқтаса, Мельник мәреге жете алмады. Оны көш бастап келе жатқан спортшы бір айналымға озып кеткен. Марафон қорытындысы бойынша алтын медальді швециялық Эбба Андерссон иеленді. Күміс жүлде норвегиялық Хейди Венгке бұйырса, қола медаль швейцариялық Надя Келиннің еншісіне тиді. Биылғы Олимпиадаға Қазақстан атынан спорттың 10 түрі бойынша 36 спортшы қатысты. Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың сенсациялық жеңісінің арқасында (жарыстар әлі толық аяқталмаса да) Қазақстан Бразилиямен бірге жалпы есепте 19-орынды бөлісіп тұр. Екі елдің қоржынында бір-бір алтын медаль бар. Қазіргі уақытта Италиядағы додада 30 ел жүлдеге қол жеткізді. Санкциялық шектеулерге байланысты Ресей ресми медаль есебіне енгізілген жоқ. Жалпы жарысқа 95 мемлекеттен спортшылар қатысуда. Топ-10 қатарына енген қазақстандық спортшылар: – Надежда Морозова (конькимен жүгіру) – 3000 метрде 6-орын; – Денис Никиша (шорт-трек) – 500 метрде 7-орын; – Илья Мизерных (трамплиннен секіру) – үлкен трамплинде 8-орын; – Анастасия Городко (фристайл) – параллель могулда 8-орын; – Евгений Кошкин (конькимен жүгіру) – 500 метрде 9-орын; – Софья Самоделкина (мәнерлеп сырғанау) – 10-орын; – Елизавета Голубева (конькимен жүгіру) – 1500 метрде 7-орын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу