Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан Қытайға наразылық нотасын жолдады

Саясат
Қазақстан Қытайға наразылық нотасын жолдады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізіп, қытайлық www.sohu.com сайтындағы «Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады» атты мақалаға қатысты наразылық білдірді.

Қытай Елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте Мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейтіндігі айтылды. Тараптар ақпарат тарату және БАҚ саласында тығыз өзара ықпалдасуға келісті.

СІМ-де Қытай елшісі Чжан Сяомен өткен кездесу.
Фото: СІМ ресми сайты

Сондай-ақ, ҚР-дың Пекиндегі Елшілігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жолдады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу