freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан ұнына сұраныс артып келеді: ең ірі импорттаушы елдер белгілі болды

Қоғам
Қазақстан ұнына сұраныс артып келеді: ең ірі импорттаушы елдер белгілі болды
https://world-nan.kz

Қазақстанның ұн экспорты өсіп, шетелдік нарықтардағы сұраныс артып келеді. Ал қатты бидай (дурум) экспорты, керісінше, өткен маусыммен салыстырғанда төмендеген, деп хабарлайды Malim.kz.

Cарапшы Евгений Карабанов Мемлекеттік кірістер комитетінің он айлық деректеріне сүйеніп, қыркүйек пен маусым аралығында Қазақстанның 415,6 мың тонна қатты бидай экспорттағанын хабарлады. Бұл өткен маусымның осы кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға аз.

Дурум бидайының негізгі сатып алушысы саналатын Италия импорт көлемін 40 пайызға қысқартып, 242,2 мың тонна өнім алған. Дегенмен басқа бағыттарда өсім байқалады. Мәселен, Түркияға жөнелтілген өнім көлемі 27 есе көбейсе, Өзбекстанға экспорт 45 пайызға артқан. Сондай-ақ Бельгияға жеткізілім ұлғайып, биыл алғаш рет Тунис, Ауғанстан және Ресейге қатты бидай экспортталған.

Сарапшының бағалауынша, қазіргі төмендеу көрсеткіштеріне қарамастан, маусым қорытындысында қатты бидай экспорты шамамен 450 мың тоннаға жетеді.

Ал ұн экспорты бойынша көрсеткіштер әлдеқайда жоғары. Он айдың қорытындысында Қазақстан шетелдік нарықтарға 1,87 миллион тонна ұн жөнелткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 18,3 пайызға артық. Қазір елімізде өндірілетін ұнның жартысынан көбі экспортқа шығарылады.

Қазақстан ұнын ең көп импорттайтын мемлекет – Ауғанстан. Бір маусым ішінде бұл елдің сатып алу көлемі 200 мың тоннадан астамға немесе 21,5 пайызға ұлғайған.

Сонымен бірге Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Ресейге экспорт көлемі де өсу үрдісін көрсетіп отыр.

Осы көрсеткіштерді ескерген сарапшы ұн экспорты бойынша болжамын 70 мың тоннаға арттырды. Оның пікірінше, маусым соңына дейін Қазақстанның ұн экспорты 2,12 миллион тоннаға жетуі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу