Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда алдағы бірнеше тәулікте 42 градус болады

Экология
Қазақстанда алдағы бірнеше тәулікте 42 градус болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі.

22 және 24 шілдеде Қазақстанның батысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ пен дауылды жел болжанады. Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі.

«Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік пен шығыс өңірлерде тұман күтіледі.

22-23 шілде күндері Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз өте қатты ыстық – 40°С, Алматы облысының батысында, солтүстігінде және орталығында 42°С болжанады.

Күшті ыстық күндіз батыс өңірлерде 35-39°С, республиканың оңтүстік-батысында 38-42°С, 24 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде 35°С, орталық өңірлерде 35-38°С, елдің оңтүстігінде 40-42°С, оңтүстік-шығысында 35-39°С күтіледі», – делінген синоптиктер болжамында.

Фото: istockphoto.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу