freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда ипотека ережелері өзгерді

Экономика
Қазақстанда ипотека ережелері өзгерді
Фото: pixabay

2026 жылдан бастап Қазақстанда ипотекалық несиелеу қағидалары өзгереді, деп хабарлайды Malim.kz.

Енді мөлшерлеме бастапқы жарнаның көлеміне тікелей байланысты болады.

Қазақстанда ипотекалық қарыздардың шекті құнын есептеу тәртібі қайта қаралып жатыр.

Енді пайыздық мөлшерлеме қарыз алушының қаржылық мүмкіндігіне, ең алдымен бастапқы жарнаның мөлшеріне қарай белгіленеді.

Жаңа ережелерге сәйкес, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне (ЖТСМ) екі деңгейлі шектеу енгізіледі:

Егер бастапқы жарна 30%-дан жоғары болса, ипотека бойынша мөлшерлеме 20%-дан аспауға тиіс.

Егер бастапқы жарна 30%-дан төмен болса, банктер мөлшерлемені 25%-ға дейін белгілей алады.

Осылайша, несие құны қарыз алушының қаржылық тәртібі мен мүмкіндігіне тікелей байланысты болады.

Жаңа талаптар 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді деп күтілуде.

Нормативтік құжаттың жобасы мамыр айында жарияланып, одан кейін нарыққа бейімделу үшін уақыт беріледі.

Реттеушілер — Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі — банктермен бірлесіп, мөлшерлеме бойынша бірыңғай шекті деңгейден бас тартып, икемді модельге көшті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу