freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан мектептерінде смартфон пайдалану толық тыйым салынуы мүмкін

Білім-ғылым
Қазақстан мектептерінде смартфон пайдалану толық тыйым салынуы мүмкін
Фото: Reuters

Қазақстанда мектеп оқушыларының смартфон пайдалануына толық тыйым салу енгізілуі мүмкін. Тиісті түзету педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері жөніндегі заң жобасында қамтылған, деп хабарлайды Malim.kz Tengri Education-ге сілтеме жасап.

Қазіргі таңда әр мектептің әкімшілігі оқушыларға смартфонды қандай жағдайда қолдануға болатынын өз бетінше анықтай алады.

Заңнамалық тыйым тек сабақ кезінде ғана қолданылады, ал үзіліс кезінде оқушыларға смартфон пайдалануға рұқсат етілген.

Сонымен қатар, егер телефон оқу мақсатында қажет болса, мұғалімнің шешімімен оны қолдануға болады.

Заң жобасының салыстырмалы кестесіне сәйкес, аталған норманы алып тастау және оқушыларға гаджеттерді пайдалануға рұқсат беру мәселесін білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне беру ұсынылып отыр.

Бұл Оқу-ағарту министрлігі немесе аумақтық білім басқармалары болуы мүмкін.

Айта кетейік, түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ — заң жобасын Мәжілісте қарау жоспарланып отыр.

Депутаттар «Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері» туралы 47-бапты мынадай редакцияда ұсынды:

«Орта білім беру ұйымдарында оқу процесі кезінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын пайдалануға жол берілмейді, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын пайдалану қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда».

Негіздемеде ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын пайдалануға тыйымды тек оқу уақытымен шектемей, үзіліс кезінде де қолдану кибербуллинг пен деструктивті контент тәуекелдерін азайтуға, мектептердегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға, білім алушылардың тікелей қарым-қатынасы мен әлеуметтену деңгейін арттыруға, сондай-ақ салауатты білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік беретіні айтылған.

Еске салайық, 2024 жылдың басында сабақ кезінде оқушылардың смартфон пайдалануына заңнамалық тыйым енгізілген болатын.

Қазіргі шектеуге сәйкес, сабақ үстінде смартфон қолдануға болмайды. Алайда үзіліс кезінде оқушыларға гаджеттерге қайта қол жеткізуге мүмкіндік беріледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу