freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда тағы 1,5 мың шақырым жолға орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі

Қоғам
Қазақстанда тағы 1,5 мың шақырым жолға орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі
Ашық дереккөз

Қазақстанда облыстық маңызы бар жолдарда орташа жылдамдықты автоматты түрде бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеді

Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі таңда бұл жүйе республикалық маңызы бар 10 жол учаскесінде тиімді жұмыс істеп тұр. Жоба іске қосылғалы бері орташа жылдамдықты асырудың шамамен 407 мың дерегі тіркеліп, нәтижесінде 6,5 млрд теңге көлемінде айыппұл салынған. Бақылау жүргізіліп отырған жолдардың жалпы ұзындығы 2,1 мың шақырымға жуықтайды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта жалпы ұзындығы шамамен 1,5 мың шақырым болатын сегіз жол учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесін орнату және іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында «Қызылорда – Арал», «Қостанай – Троицк», «Ақтөбе – Орынбор», «Балқаш – Бурылбайтал», Тараз қаласының айналма жолы, «Қостанай – Денисовка», «Шу – Бурылбайтал» және «Қандыағаш – Мақат» бағыттары бар.

Бұдан бөлек, 20 сәуірде өткен Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия отырысында жол қауіпсіздігін күшейту мәселесі қаралып, уәкілетті органдарға облыстық және елді мекен ішіндегі жолдарда да орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізу мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу