Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық футзалшылар мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне өтті

Спорт
Қазақстандық футзалшылар мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне өтті

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турынан соң 1/8 финалға өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Біріншілік ережесіне сәйкес плей-оффқа әр төрттіктен алғашқы екі команда және үштікке енгендер арасында үздік көрсеткішке ие болған төрт команда жолдама алады.

Ливия құрмасын 4:1 есебімен жеңген Қазақстан D тобында төрт ұпаймен екінші орын алды. Енді үшінші тур нәтижесіне қарамастан Қазақстан осы орнын сақтап қалады.

Үшінші орын жолдамасына таласатындар арасында құрамамыз жоғары орында тұр. Дәл қазір оз топтарында үшінші орында келе жатқан үш командада ғана ұпай бар, яғни төртінші команда төрт ұпайдан артық ұпай еншілей алмайды деген сөз.

Үшінші тур алдында үшінші орында тұрған құрамалардың кестедегі жағдайы:

Ливия - 3 ұпай

Украина - 3 ұпай.

Өзбекстан - 1 ұпай

Хорватия, Тәжікстан, Гватемала – ұпай жоқ

Фото: kff.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу