2026 жылғы 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Румынияның Бухарест қаласында өткен Лингвистикадан халықаралық олимпиадада (IOL) Қазақстан құрамасы тарихи нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстандық төрт қатысушының барлығы да жүлдеге ие болып, ел қоржынына бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын салды. Бұл – Қазақстанның аталған олимпиадаға қатысу тарихындағы алғашқы осындай жетістік.
Қола медальді Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Шыңғыс Карасаев жеңіп алды.
Құрмет грамоталарымен Ақтау қаласындағы Мамандандырылған IT лицейінің 11-сынып оқушысы Рамазан Бутантаев, Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Аслан Ажибаев және Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Кирилл Тургумбаев марапатталды.
Қазақстан құрамасына Ягеллон университетінің студенті Дана Оспанова жетекшілік етті.
Олимпиадалық лингвистика – елімізде қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Биылғы нәтиже қазақстандық оқушылардың осы саладағы жоғары әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.