Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандықтардың несие қарызы 22 трлн теңгеден асты

Экономика
Қазақстандықтардың несие қарызы 22 трлн теңгеден асты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі елдегі банк секторының 2025 жылғы 1 маусымдағы жай-күйі туралы есеп берді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Халыққа берілген кредиттер 2025 жылғы мамырда 1,8 пайызға ұлғайып, 22,1 триллион теңгені құрады. Тұтынушылық қарыздар 1,9%-ға 14,9 триллион теңгеге дейін және ипотекалық қарыздар 1,7%-ға 6,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Осы жылдың басынан бері халыққа берілген несиелер 6,9 пайызға өскен», - делінген хабарламада.

Мамыр айында қазақстандықтарға теңгемен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа мөлшерлемесі 19,9 пайыз болған.

Сонымен қатар, бизнеске берілген кредиттер мамырда 0,6%-ға 13,4 трлн теңгеге дейін артқан.

Агенттіктің ақпаратынша, банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. Кредиттік портфельде төлеу мерзімі 90 күннен асқан несиелердің үлесі 2025 жылғы сәуірдегі деңгейде сақталып, 3,4 пайызды немесе 1,3 трлн теңгені құрады.

Халыққа берілген кредиттер бойынша NPL90+ қарыздарының үлесі 4,3% немесе 943 млрд теңге, ал бизнеске берілген кредиттер бойынша 2,2% немесе 340 млрд теңге болған.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу