freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ҚазҰУ студенттерінің деректері таралғаннан кейін министрлік қауіпсіздік шараларын күшейтеді

Білім-ғылым
ҚазҰУ студенттерінің деректері таралғаннан кейін министрлік қауіпсіздік шараларын күшейтеді
dknews.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жеке деректердің таралуына байланысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

ның айтуынша, аталған оқиғадан кейін ақпараттық қауіпсіздік шаралары күшейтілуде.

Министрлікте деректерді қорғауға жауапты қызметкерлер үшін бірқатар оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Сонымен қатар жұмысқа Мемлекеттік күзет қызметінің мамандары тартылды.

Мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін ақпараттық қауіпсіздік процестерін орталықтандыру жоспарланып отыр, – деді Саясат Нұрбек.

Жауапкершілік мәселесіне қатысты министр факультет деканының жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Университет чаттарында студенттер мен қызметкерлердің жеке және медициналық деректерінің таралғаны анықталды. Ашық қолжетімділікке диагноздар мен жүктілікке қатысты мәліметтер де жария болған.

Айта кету керек, бұған ұқсас жағдайлар бұған дейін де тіркелген. 2024 жылы студент қыздардың жеке сипаттағы деректері интернетке тарап, тиісті тексеру жүргізілген болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу