freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қыркүйектегі салық күнтізбесі: қазақстандықтар үшін маңызды мерзімдер

Экономика
Қыркүйектегі салық күнтізбесі: қазақстандықтар үшін маңызды мерзімдер
Фото: pixabay

Қыркүйек айында салық төлеушілер бірқатар есептілікті тапсырып, міндетті төлемдерді аударуы тиіс, деп хабарлайды Malim.kz.

Ең маңызды күндердің бірі – 15 қыркүйек. Осы күнге дейін 2025 жыл үшін 250.00 және 270.00 нысандарындағы декларацияларды тапсыру қажет.

Ай ішіндегі негізгі мерзімдер:

7 қыркүйек – жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығын төлеу мерзімі;

21 қыркүйек – ЕАЭО-дағы ҚҚС, акциз және экологиялық төлемдер бойынша міндеттемелер;

24 қыркүйек – бейрезиденттердің жекелеген табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы;

25 қыркүйек – тамыз айы үшін бірнеше салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі.

Салық төлеушілер есептілік нысандары мен төлемдердің толық тізімін алдын ала тексеріп, белгіленген мерзімдерді өткізіп алмауы керек.

Әсіресе 25 қыркүйекке назар аударған жөн. Бұл күні салықтық және әлеуметтік міндеттемелердің ең көп саны орындалуы тиіс.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу