Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қытайлық дәрігерлер науқастың жұлынып кеткен қолын оның аяғына тігіп, өмірін сақтап қалды

Әлем
Қытайлық дәрігерлер науқастың жұлынып кеткен қолын оның аяғына тігіп, өмірін сақтап қалды
ашық дереккөзден

Қытайда дәрігерлер бірегей әрі күрделі операция жасап, науқастың жұлынып кеткен қолын уақытша аяғына тігіп сақтап қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Хунань провинциясындағы ауылдардың бірінде тұратын Сяо Вэй жазатайым оқиға салдарынан қолынан айырылған. Ауыр жарақат кезінде қолы қатты жаншылып қалғандықтан, дәрігерлер бірден жұлынып кеткен қолын білегінен бастап өз орнына қайта тігуге мүмкіндік болмаған.

Осыған байланысты қытайлық хирургтар ерекше шешім қабылдады: қолын науқастың сол жақ тобығына уақытша тігіп, аяқтың артериялары арқылы қан айналымын қамтамасыз еткен. Бұл әдіс тіндердің тіршілігін сақтап қалуға мүмкіндік берген. Араға бір ай салып, дәрігерлер қолды аяқтан ажыратып, қалпына келе бастаған қолға қайтадан мұқият түрде жалғаған.

Мамандардың айтуынша, жұлынып кеткен қол сәтті түрде орнына біткен. Алайда оның барлық қызметін толық қалпына келтіру үшін әлі де бірнеше қосымша операция қажет болады.

Айта кетейік, кесілген немесе жұлынып кеткен аяқ-қолды уақытша басқа дене бөлігіне тігу тәжірибесі медицинада бұрыннан бар. Бұған дейін көбіне қолды қолтық астына тігу әдісі қолданылған, себебі бұл аймақ қанмен жақсы қамтамасыз етіледі. Ал тобыққа тігу – сирек кездесетін тәсілдердің бірі.

Мұндай микрохирургиялық операциялар әдетте 8-15 сағатқа дейін созылады және дәрігерлерден жоғары кәсібилік пен үлкен тәжірибені талап етеді. Соңғы жылдары Қытай микрохирургия саласындағы жетістіктерімен әлемге танылып отыр. Ең басты қиындық – жұлынып кеткен тіндердің өміршеңдігін бірнеше сағат бойы сақтап қалу.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу