Бұл туралы malim.kz Ақорданың расталған телеграм-арнасына сілтеп хабарлайды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды" -
делінген хабарламада.
Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына 2022 жылы тағайындалған болатын.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.
Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
- 1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
- 2005-2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
- 2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
- 2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.
- 2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.
- 2021-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
- 2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарады.
Марапаттары:
- «Құрмет» ордені/2011
- «Парасат» ордені/2016
- Қазақстанның құрметті құрылысшысы.