Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылордаға жаңа әкім тағайындалды

Саясат
Қызылордаға жаңа әкім тағайындалды

Қызылорда қаласының әкімі болып Ғанибек Қазантаев тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі, қалалық мәслихат келісімімен және облыс әкімінің өкімі бойынша  2021 жылдың 8 сәуірінен бастап Қызылорда әкімі қызметіне Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы тағайындалды», - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Ғанибек Қазантаев 2013 жылдан 2019 жылға дейін Қызылорда облысындағы Сырдария ауданының әкімі, 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап энергетика министрлігінің оңтүстік аймақаралық мұнай комплексінің мемлекеттік инспекция басқармасының басшысы болған.

Ғани Қазантаевқа дейін Қызылорда қаласының әкімі Бердібек Сапарбаевтың (қазіргі Жамбыл облысының әкімі) інісі Нұрлыбек Нәлібаев болған. Ол үкімет басшысы Асқар Маминнің жарлығымен премьер-министр кеңесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.

Оқи отырыңыздар: Мамин Сапарбаевтың інісін жаңа қызметке тағайындады

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу