freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей Қазақстаннан Германияға мұнай транзитін бұғаттағысы келеді – Reuters

Экономика
Ресей Қазақстаннан Германияға мұнай транзитін бұғаттағысы келеді – Reuters
Фото: Patrick Pleul/dpa-Zentralbild/dpa/picture alliance

Ресей 1 мамырдан бастап Қазақстаннан Германияға «Дружба» мұнай құбыры арқылы мұнай жеткізуді тоқтатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Malim.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, жаңартылған кесте екі елге де жіберілген. Бұған себеп – Украинадағы соғысқа байланысты Ресей мен Германия арасындағы шиеленіскен қатынас.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл шешім туралы ештеңе білмейтінін айтты.

«Бұл мәселе бойынша тиісті компанияларға жүгіну керек. Біз жағдайды нақтылап көруге тырысамыз», - деді ол.

2025 жылы Қазақстаннан Германияға Ресейдің мұнай құбыры арқылы экспортталған мұнай көлемі тәулігіне шамамен 43 000 баррель болған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда шамамен бір жарым есе көп.

Мұнай «Дружба» құбырының Польша арқылы өтетін солтүстік тармағы арқылы тасымалданады. Германияның Шведт қаласында шикізатты PCK мұнай өңдеу зауыты қабылдайды. Бұл зауыт бұрын Роснефть жеткізген мұнайды да осы құбыр арқылы алған.

Украинаға басып кіруіне жауап ретінде Германия ресейлік мұнайдан бас тартқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу