Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей Украинаның 44 дронын атып түсірген

Әлем
Ресей Украинаның 44 дронын атып түсірген

Ресей Қорғаныс министрлігі бір түнде Украинаның 44 әскери дронын атып түсіргенін хабарлады. Бұл жайында ВВС жазды.

Ресей Қорғаныс министрлігі сәрсенбіге қараған түні Ресейдің тоғыз аймағында 44 украин дронын атып түсірген.

Министрлік Новгород облысында 20, Курск облысында бес, Орел облысында төрт, Белгород, Тула және Тверь облыстарында үш, Брянск, Мәскеу және Смоленск облыстарында екі дрон атып түсірілгенін мәлімдеді.

Министрліктің мәлімдемесімен бір мезгілде Telegram-да Смоленск облысының губернаторы Василий Анохин аймақта жеті дрон атып түсірілгенін жариялады.

Одан сәл бұрын Самара облысының губернаторы Вячеслав Федорищев құлаған алты дрон туралы жазды.

Қорғаныс министрлігі жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21:00 мен түн ортасы аралығында алты аймақта украиналық 42 дрон құлатылғанын жеткізді.

Министрлік мәлімдегендей, 32 дрон Брянск облысы аумағында, бесеуі Смоленск облысында, екеуі Мәскеу облысында және Курск, Орел және Ростов облыстарында бір дрон атып түсірілген.

Соғыс жағдайында нақты ақпаратты анықтау қиын.

Фото: Rast.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу