Ресейде қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Руслан Цаликов 2015-2024 жылдары Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған. Оны қылмыстық қауымдастық құру, бюджет қаражатын ысырап ету және пара алу ісі бойынша ұстады.
Ресейдің Тергеу комитетінің нұсқасына сәйкес, Цаликов пен басқа да бірқатар тұлғалар 2017-2024 жылдары бюджеттен қаражат жымқырып, ұрланған ақшаны заңдастырған, сондай-ақ пара алған.
Цаликов Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен Сергей Шойгу отставкаға кеткеннен кейін босатылған. Кейін ол Тыва Республикасы Жоғарғы Хуралының депутаты болды. Алайда ол праймеризге қатыспаған.
БАҚ мәліметінше, кейінірек Цаликов республика атынан сенатор болуға талпыныс жасаған, бірақ оның кандидатурасы Ресей президенті әкімшілігі тарапынан мақұлданбаған.