freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Республикалық трассаларда лазер жүйесі орнатыла бастады

Қоғам
Республикалық трассаларда лазер жүйесі орнатыла бастады
Фото: Қазавтожол

Жетісу облысында республикалық маңызы бар "Үшарал – Достық" автожолының 13-шақырымында заманауи лазерлік қондырғы орнатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Аталған жүйенің басты мақсаты – әсіресе түнгі уақытта жолдың жүріс бөлігін айқын көрсетіп, жүргізушілерге дұрыс бағдар беруді қамтамасыз ету.

Лазерлік қондырғы жол сызықтарын айқындап, бағытты нақты көрсетеді, бұл өз кезегінде көріну деңгейі төмен жағдайларда аса тиімді.

Сонымен қатар, қондырғы қауіпті учаскелерде қосымша ескерту қызметін атқарып, жүргізушілердің назарын арттыруға көмектеседі.

Нәтижесінде, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мүмкіндігі күшейіп, қозғалыс қауіпсіздігі жаңа деңгейге көтеріледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу