Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шерзат Болаттың әпкесі өзіне қол салмақ болды

Оқиға
Шерзат Болаттың әпкесі өзіне қол салмақ болды

Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реймова өз-өзіне қол салуға талпынды. Бұл туралы қоғам белсендісі Жан Ахмадиев мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, мұндай қадамға баруына әлеуметтік желідегі қысым себеп болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Жиенім қайтыс болғаннан кейін Бауыржан Абдрахманов есімді адам пайда болды. Ол TikTok желісінде «Маскарад», «Доктор» деген лақап аттармен шығып, «Қаржаубай ондай, Қаржаубай бұндай, Нұрғанат былай, олай» деп үнемі жала жауып отырды. Кейін Нұрғанат өмірден өтті. Ал әлгі адам: «Нұрғанатты мен асып кеттім» деді. Осындай сөздері арқылы ол Нұрғанатқа психологиялық қысым көрсетіп, өліміне себепкер болды. Менің де бұл күйге түсуіме – Бауыржан Абдрахманов кінәлі. Ол мені суицидке итермелеп отыр, – деді Бақыт Реймова Instagram желісінде жарияланған бейнеүндеуінде.

Қоғам белсендісінің айтуынша, Бақыт Реймова өз-өзіне қол салмақ болған кезде, оны байқап қалған полицей дер кезінде әрекет етіп, құтқарып қалған.

Айта кетейік, 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні Талғар қаласында орын алған төбелесте 16 жастағы Шерзат Болат қаза тапты. Араға бір апта салып, оның отбасы тұрған үй отқа оранды. Ал желтоқсан айында Талғардың шеткі бөлігінен Шерзаттың 30 жастағы нағашысы – Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Полиция бұл жағдайды суицид деп мәлімдеді, себебі ол жиенін қорғай алмағанына өзін кінәлі санаған. Алайда марқұмның туыстары бұл нұсқаға сенбейді.

Нұрғанатты жерлегеннен кейін Шерзаттың әкесі – Қаржаубай Нұрымов жүк көлігінің төбесіне шығып, өз-өзіне қол салатынын айтқан.

Фото: әлеуметтік желі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу