Адамдардың өсекке араласып кететіні жанға батады - Айдар Тұрғамбек

Өнер иесі сынға қалған діни ұстазға араша түсті

Сабина Асқарқызы

  • 18.03.2025

Танымал әнші Айдар Тұрғамбек мешітте балаларға аяғын уқалатқан ұстазға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сарыағаштағы медресенің бас ұстазына ескерту жасағанын айтқан еді. Өнер иесі дін қызметкері өзінің нағашы ағасы екенін атап өтті.

“Қазір адамдардың үлкен қателігі, білмей жатып, тексермей жатып, танымай жатып өсекке араласып кететіні жанға батады. Кешегі қоғамда болып жатқан видеоға менің де кішігірім жауабым болсын. Абдужаппар нағашымды менен артық көп адам білмейтін шығар. Өйткені әрі нағашым, әрі ұстазым, кішкентай кезден қолында өстім. Тек Қазақстанға емес, тіпті Орта Азияға жасаған еңбегі орасан зор. Бүкіл ғұмырын Алла жолына арнаған. Қайтсем де қазақтың балаларын оқытсам, көзін ашсам, Алласы мен пайғамбарын танытсам деп келе жатқанына 30 жылдан асты. Бұл жасаған жақсылығының бір шеті ғана. Мен үшін Қазақстанда бүкіл өмірінен үлгі алатын жалғыз адам осы кісі. Көп нәрсе жазғым келіп отыр”, – деп жазды әнші. 

Фото: instagram.com/aidar_turgambek

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен