«Әйелдердің айтқанынан шыға алмайды»: Болат Әбділманов ер адамдарға үндеу жасады

Танымал актер «Жезтырнақ» фильмінің идеясын сынады

Сабина Асқарқызы

  • 20.11.2024

Танымал актер Болат Әбділманов отандық  «Жезтырнақ» фильмінің идеясын сынап, ер азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Жақында кинотеатрдан «Жезтырнақ» деген фильм көрдім. Киноның жетістіктері, жалпы тартымдылығы кәсіби деңгейде. Оған дау жоқ. Актерлардың ойыны, кадрдан кадрға ауысуы, бүкіл бет-пішін, көзқарасы – бәрі өз орнында. Актерлық ансамбль бар. Актерлар да өз рөлдеріне сай келіп тұр. Халықты сендіріп ойнады. Бірақ менің айтайын дегенім бұл емес еді. Жалпы фильмнің мазмұны, идеясында ойланатын дүние бар. Бұл кинода әйелдер бәрін қырып салады, еркектер бір жүрген сорлы. Еркек емес, телпек, жігіт емес, мілік. Әйелдердің айтқанынан шыға алмайды, әйелдің өзінің барлық физикалық күшін көрсетіп, сол жерде жеңімпаз болады», – деп бастады әңгімесін өнер иесі. 

Өнер иесі мемлекетті әйел басқаруы мүмкін деген болжамын да жасырмады.

«Әйелдің қаруы оның күші ме? Әйелдің қаруы – жүрегінің жұмсақтығы, нәзіктігі, сабырлығы, ақылында емес пе?! Әйел затының көз жасының алдында ерімейтін қара тас жоқ. Кез келген еркек әйелдің алдында оның әлсіздігін көргендіктен оны құрметтейді, қадірлейді. Ал енді қазір әйел мен еркектің орны ауысып бара жатқан секілді. Отбасында әйелдің басшы болуы, ертең мемлекетті де әйел басқарады дегенге әкеліп тұр. Енді өздеріңіз ойлаңыздар. Осы жерді қорғайтын баланы рухты, намысты, мінезді ұрпақ қылып қалай тәрбиелейміз?!», – деп ойын бөлісті актер. 

Фото: instagram.com/bolat.abdilmanov

Байланысты жаналықтар

Димаш Құдайбергеннің қарындасы болашақ күйеуінің суретін көрсетті

01.05.2025

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

24.04.2025

Әйелдің ішкен арағы оның бойында өмір бойы қалып қояды – актер Ғалымжан Қалыбаев

22.04.2025

Әйкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

08.04.2025

«Арам пиғылын алдын ала жоспарлады»: Шәріп Серіктің анасы мәлімдеме жасады

08.04.2025

6 ай қалды: Қожаны сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың қандай ауруға шалдыққаны белгілі болды

05.04.2025
MalimBlocks
Димаш Құдайбергеннің қарындасы болашақ күйеуінің суретін көрсетті

Раушан Құдайбергеннің таңдауы актер жігітке түскен

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

Актриса продюсерлікті қолға алған.

Әйелдің ішкен арағы оның бойында өмір бойы қалып қояды – актер Ғалымжан Қалыбаев

Ол мұны ғалымдар зерттеген деп отыр.

Әйкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

Ол Нұрлан Әлімжанмен вальс билеген видеосын жариялады.

«Арам пиғылын алдын ала жоспарлады»: Шәріп Серіктің анасы мәлімдеме жасады

Ол бойжеткеннің болған оқиғадан соң неліктен араға екі ай салып арызданғанын түсінбейтінін айтты.

6 ай қалды: Қожаны сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың қандай ауруға шалдыққаны белгілі болды

"Менің атым Қожа" фильмінің басты кейіпкері ауыр дертке шалдыққан