Назарбаевтың тойына кедергі келтірген Қайрат Нұртасқа шектеу қойылған - блогер

Әлішер Елікбаев Қайрат Нұртастың 2013 жылы Алматы халқын дүрбелеңге салған кезі туралы айтып берді

Сабина Асқарқызы

  • 19.12.2024

Танымал блогер Әлішер Елікбаев Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімов пен әнші Қайрат Нұртастың арасында болған оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

"2013 жылы Айсұлтан Назарбаевтың тойы болып жатқанда Қайрат Нұртастың Прайм-плазадағы шуы басталған еді. Достық даңғылының жоғары жағында үйлену тойы болып жатты. Қаланың төменгі көшесінде әншінің концерті жанжалға ұласты. Сол кезде алматылықтардың бірінші сұрағы: «Қайрат Нұртас деген кім?!» болды. Көбі танымайды екен. Ол кезде мен журналист болып жұмыс істеймін. Қайратты редакцияға шақырып, орысша сұхбат алайық дедім. Бірақ ол келіспей, қазақша беремін деді. Анасымен де сөйлестік. Ақыры қазақша сұхбат беріп, оны біз орысшаға аудардық. Мықты әнші екеніне көзім жетті. Орыстілді орта ғана Қайрат Нұртасты онша танымайды екен. Шығармашылық жолына кедергі көп болды", – деді Елікбаев "Айқап" подкастында. 

Оған қоса Ахметжан Есімов Қайрат Нұртастың концерттерін өткізуге тыйым салғанын да атап өтті.

"Сен Алматыда концерт бермейсің, сенің кім екеніңді танымаймыз" деп Ахметжан Есімов Қайрат Нұртасқа ашуланды. Енді концерт бермейді деп эмоцианалды шешім шығарды. Өйткені жоғары жақтағы той қатар өтіп жатқан еді. Бірақ сұхбаттың орысша нұсқасын оқығаннан кейін халықтың Қайратты қалай жақсы көретініне көзі жетті. Жалпы, Есімов әншінің шығармашылығына тосқауыл болғаны жасырын емес", – дейді блогер.

Байланысты жаналықтар

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025

Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидырды

06.05.2025
MalimBlocks
«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген

Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидырды

Жас жұп бұл ерекше сәтке есте қалатын ерекше күнді арнайы таңдаған