Танымал дәстүрлі әнші Биғазы Тұтқабековтің қызы тұрмысқа шықты

Қарлығаш Биғазықызы әкесінің ұмытылған атып жаңғыртып, өнерімен тамсандырып жүр

Сабина Асқарқызы

  • 20.11.2024

Дәстүрлі әнші, «Серпер» тобының мүшесі, продюсер, Биғазы Тұтқабековтің қызы Қарлығаш Биғазықызы ұзатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Биғазы Тұтқабеков 2006 жылы 30-дан асқан шағында жол апатынан қайтыс болды. Енді әкесінің ұмытыла бастаған есімін қызы Қарлығаш Биғазықызы жаңғыртқысы келетінін айтқан.

«Жеті жасқа да толмаған кезде әкемнен көз жасып қалдым. Сондықтан да болар, көзімді жұмғанда ол кісінің бет-әлпетін елестете алмаймын, дауысы да есімде жоқ. Бірақ махаббаты есімде. Екеуміздің арамызда шексіз махаббат болды. Әкем тойға барса да, концерттеріне не студиясына барса мені қасынан тастамайтын. Мен де таңнан қара кешке дейін қасында жүруге дайын болдым. Ол кісі шаршап тұрса да, көңілімді қимай өзімен бірге алып кететін. Анамның айтуынша, әкемнің әкелік махаббаты мен туған кезде ашылыпты. Себебі ата-анам жастай үйленді, ағам дүниеге келгенде әлі өздері студент. Сондықтан ағамды ауылға апарып тастап, 4 жасына дейін ағам ата-әжеміздің қолында өсті де, әкем әке болудың не екенін аса түсінбеген тәрізді», - деп сұхбат берген Қарлығаш Биғазықызы.

Әншінің ұзатуына МузАрт тобының әншілері мен басқа да өнер иелері қатысқан.

Айта кетейік, Қарлығаш Биғазықызы «Қазақстан» ұлттық арнасындағы Qazaqstan дауысы жобасында өнерімен көпшілікті таңғалдырған еді.

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген