freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сингапур мектептерінде ұл балаларды дүрелеуге рұқсат берілді

Оқиға
Сингапур мектептерінде ұл балаларды дүрелеуге рұқсат берілді
theguardian.com

Сингапур мектептерінде кибербуллингпен айналысатын ұл балаларға қатысты дүре соғу жазасы енгізілді. Бұл туралы елдің Білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Guardian басылымының жазуынша, жаңа ережеге сәйкес, басқа оқушыларды қорлайтын, соның ішінде интернет арқылы әлімжеттік жасайтын ер балаларға үш ретке дейін дүре соғу жазасы қолданылуы мүмкін. Бұл шара тек бастауыш мектептің жоғары сыныптарында (9-12 жас) оқитын және одан үлкен ұлдарға қатысты қолданылады.

Ал қыз балаларға мұндай жаза қолданылмайды. Себебі елдің заңнамасы әйелдерге қатысты дене жазасын қолдануға тыйым салады. Қыздарға сабақтан шеттету, тәртіп бағасын төмендету және басқа да тәртіптік шаралар қарастырылған.

Сингапурдың білім министрі Десмонд Ли бұл жаза тек соңғы шара ретінде, яғни басқа тәсілдер нәтиже бермеген жағдайда ғана қолданылатынын айтты. Оның сөзінше, оқушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қатаң талаптар сақталады: мұндай жаза мектеп директорының рұқсатымен және тек арнайы өкілетті мұғалімдер тарапынан жүзеге асырылады.

Сондай-ақ мектептер оқушының жас ерекшелігін, психологиялық дайындығын және бұл жазаның тәрбиелік әсерін ескереді. Білім министрлігі соңғы бір жыл бойы мектептердегі буллинг мәселесін зерттегенін хабарлады. Ал халықаралық ұйымдар, соның ішінде ЮНИСЕФ, балаларға дене жазасын қолдануды сынға алды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу