365 талапкер тыйым салынған заттармен кіргені үшін ҰБТ тапсыра алмады

Бұл мәліметті Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы  хабарлады.

Malim Админ

  • 30.06.2023

ҰБТ-ның алтыншы аптасы аяқталды. Осы уақытта 365 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 273 адам шығарылып, олардың нәтижелері де жойылған. Ал талапкердің орнына бөгде адамның кіруі тіркелмеген.

Талапкерлердің 76 пайызы қазақ тілінде, 24 пайызы орыс тілінде, 292 рет ағылшын тілінде тапсырған.  ҰБТ басталғалы бері шекті баллды талапкерлердің 79 пайызы жинаған. Орташа баллға келетін болсақ, ол 70 ұпайды құрады. Ең жоғары нәтижені төрт адам көрсетіп, 137 ұпай жинаған.

https://malim.kz/article/society/zogary-oqu-oryndaryna-grant-bolindi-19633

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында алты аптаның ішінде олар 719 рет ҰБТ-ға қатысты.

Айта кету керек, ҰБТ-2023 аяқталғаннан кейін осы жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану және ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда жаңа мамандықтар пайда болады

03.05.2025

Испания үкіметі "Көкжиде" жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі

23.04.2025

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Мемлекеттік емес БАҚ арасында гранттар конкурсы өтеді

08.01.2025

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының 2024 жылғы иегерлері анықталды

07.12.2024

Ақтөбелік алаяқ студенттерді алдап, 5 млн теңгесін жымқырған

16.11.2024
MalimBlocks
Қазақстанда жаңа мамандықтар пайда болады

Испания үкіметі "Көкжиде" жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Мемлекеттік емес БАҚ арасында гранттар конкурсы өтеді

Байқау үш түрлі бағытта ұйымдастырылады

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының 2024 жылғы иегерлері анықталды

Биыл 6 бағытта 30 жоба іріктелген

Ақтөбелік алаяқ студенттерді алдап, 5 млн теңгесін жымқырған

Оларды грантқа түсіруге уәде берген