4-7 жылға сотталады: Қыз алып қашуға тағылатын айып

Бас прокуратура қыз алып қашқан жағдайда қандай жаза қарастырылатынын түсіндірді.

Ақниет Аманжолқызы

  • 16.06.2022

«Қыз алып қашу – салт-дәстүр ме, қылмыс па, мұны ажыратудың бір жолы бар, ол – қалыңдықтың келісім беруі және алып қашқан адамдардың осындай келісім барын түсінуі. Басқаша айтқанда, келісіп бермеген қызды еркінен тыс алып қашса, күштеп ұстап, басқа жерге апарса, Қылмыстық кодекстің 125-бабы – адам ұрлау бойынша 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, Егер кәмелетке толмаған қызды алып қашса, 7 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін», - деп мәлім етті Бас прокуратурадан. 

Ведомство хабарлауынша, бұл қылмыс үшін ең қатал жаза - 15 жылға соттау.

Оның ішінде топ болып алып қашса, жәбірленушіні абайсызда өлтіріп алу және басқа ауыр жағдайларға әкеп соқса, ұрланған адамды қанау мақсатында жасалса, осындай ауыр жаза қолданылуы мүмкін. 

«Егер сізді алып қашса немесе көз алдыңызда осындай жағдай болса, дереу 102 қызметіне қоңырау шалыңыз. Полицияға мүмкіндігінше көліктің маркасы, түсі, нөмірі, алып қашқандардың түр-әлпеті, киімі секілді ерекше белгілерді хабарлаңыз. Бұл жағдайда жай ғана куәгер болсаңыз да, арыз жазылмаса да қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталады. Егер ұрлаған адам жәбірленушіні босатса және оның әрекетінде қылмыстық құрам болмаса, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады», - делінген хабарламада. 

Байланысты жаналықтар

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

05.05.2025

Дина Таңсәрі Черногориядан пана сұрады

22.04.2025

Ақтөбе облысында тұрғындар анықтама үшін артық ақша төлеген

07.04.2025

Нығматулинге іздеу жарияланды

03.03.2025

Cарбаз Ербаян Мұхтардың ісінде ешқандай күдікті жоқ - Бас прокуратура

25.02.2025
MalimBlocks
Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

Дина Таңсәрі Черногориядан пана сұрады

Бас прокуратура Дина Таңсәрі Черногориядан баспана сұрағанын мәлімдеді

Ақтөбе облысында тұрғындар анықтама үшін артық ақша төлеген

Бас прокуратура медициналық мекемелерде қызмет бағасының негізсіз өскенін айтты

Нығматулинге іздеу жарияланды

Cарбаз Ербаян Мұхтардың ісінде ешқандай күдікті жоқ - Бас прокуратура

2023 жылдың желтоқсанында ауруханаға түскен сарбаздың ісі әлі жалғасып жатыр