Алаш зиялылары тырысқақ індетінің алдын алды

Malim Админ

  • 25.08.2020

"Ақ жол" демократиялық партиясы «Алаш» институтымен бірге ұйымдастырған «Қазақ Республикасының 100 жылдығы және оның құрылуына «Алаш» қайраткерлерінің үлесі» тақырыбында өткен онлайн конференцияда Алаш зиялыларының 1921 жылы  тырысқақ (холера) дертімен күресетін комитет құрғаны айтылды.  Олар әр уезд орталықтарында емдейтін кабинет ашып, эпидемияға жол бермеді.

Бұл туралы «Ақ жол» демократиялық партиясы «Алаш» институтымен бірге ұйымдастырған «Қазақ Республикасының 100 жылдығы және оның құрылуына «Алаш» қайраткерлерінің үлесі» тақырыбында өткен онлайн конференцияда айтылды. «Қазақ автономиясы – Алаш зиялылары еңбегінің жемісі. Мемлекеттік тілді әлі күнге дейін шеше алмай жатырмыз. Бұл мәселе ол кезде де ушығып тұрды. Ол кезде қазақтардың үлес салмағы 50% болды. Мемлекеттік тілді қалай бір жолға қоямыз, іс қағаздарды қалай қазақ тіліне аударамыз деген мәселені Орынборда отырған азаматтар жақсы шешті. Өзге тілді ұлт өкілдерін өзіне қарсы қоймас үшін алдымен екі тілді қатар жіберді. 1925 жылы жаппай орыстар тұратын жерде де іс-қағазды 100% мемлекеттік тілде жүргізу туралы шешім қабылдады. Билікке Ф.Голощекиннің билікке келуімен бұл мәселе шешімін таппай, тоқтап қалды», - дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов. Ол кезде білім, денсаулық саласында да жағдай қиын болған. «Бұл мәселені шешу үшін көптеген жерде мектеп ашып, мұғалімдерді дайындайтын Қазақ институтын ашты. Тіпті мектеп оқулықтарына көп қаржы бөлді. Денсаулық саласына қатысты мәселені де жақсы шешті. Қазақ ауылдарына азық-түлікті уақытылы жеткізіп тұруға тырысты. Дәрігерлер пунктерін ашып, монша көбірек сала бастады. 1921 жылы тырысқақ дертімен күресетін комитет құрды. Әр уезд орталықтарында емдейтін кабинет ашып, эпидемияға жол бермеді», - дейді ол.

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін