Алматы қаласында олимпиадалық спорт мектептеріне қабылдау басталды 

Алматы қаласында тұратын балалар мен жасөспірімдерді тегін спорт мектептеріне іріктеу басталды-, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Malim Админ

  • 12.07.2023

Алматыда балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резервтегі 10 спорт мектебі және 1 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Алматы» спорт клубы жұмыс істейді. Бұл балалар мен жасөспірімдер арасында спорттық дарындыларды анықтау және дамыту мақсатында ашылған мамандандырылған оқу орындары. Олар балалардың өздері таңдаған спорт түрімен кәсіби деңгейде айналысуына және Олимпиада ойындарына қатысу үшін дайындалуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда осы мектептерде 13 мыңнан астам бала кәсіби спортпен айналысады.

Алматы қаласының спорт басқармасы спортшылардың оқу-жаттығуы мен іссапарлардың барлық шығынын көтереді.

«Оқуға түсу үшін міндетті стандарттарды тапсыру арқылы іріктеуден өту керек. Негізі бұл жалпы дене жаттығулары: жүгіру, секіру және тартылу. Әр спорт түрі үшін жеке-жеке арнайы дене дайындығы тексеріледі: мысалы, көркем гимнастика үшін шпагатқа отыра алу керек, және бала міндетті түрде қалада тіркелген болу керек», - делінеді әкімдіктің хабарламасында.