Алматыда тест тапсырып отырған мұғалім қайтыс болды

Алматыдағы көлік және логистика академиясында ұлттық біліктілік тестін тапсырып жатқан мұғалім қайтыс болды.

Ақниет Аманжолқызы

  • 14.04.2022

Оқиға орнында видео түсіріп, оны желіге жүктеген куәгердің сөзінше, тест тапсырып отырған мұғалімнің жағдайы нашарлап, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.

Алматы қалалық полициясы департаменті БАҚ өкілдеріне деректі растаған. Оқиға Алмалы аудандық полиция департаментінде тіркелген. Сотедициналық сараптамасы тағайындалған.

Қосымша ақпарат алуға полиция департаментіне хабарласқан едік. Телефон қоңырауына да, мессенджердегі хатқа да жауап бермеді.

Ұлттық тестілеу орталығынан келген ақпаратқа сүйенсек, қайтыс болған ер азамат 1973 жылы туған. Ол гипертензиялық (гипертониялық) ауруына байланысты емханада есепте тұрған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Қаланың білім басқармасының өкілдері марқұмның отбасына көңіл айтып, оларға көмек көрсететіндерін айтқан. 

Бұл осы ұлттық біліктілік тесті болған 4 жылдағы алғашқы өлім оқиғасы. Тестілеу орталықтарында алғашқы көмек көрсету үшін дәрігерлердің жұмысын бақылау күшейтілген. 

Орталық  аттестацияның өзі ерікті сипатқа ие екенін атап өтті. Педагогтер жалақыларына тағы қосымша ақы алу үшін тестілеуге жазылып, осы процедурадан өтеді. Осылайша расталған біліктілік санатына байланысты қосымша ақы төленеді. Тестілеу кезінде мұғалім өзін нашар сезінсе, тест күнін өзгертуге мүмкіндік беріледі.

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды