Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

Аты-жөндері анықталып жатыр

Есенжол Елекенов

  • 30.11.2023

30 қарашада таңертең Алматыда хостелдердің бірі өртеніп, 13 адам қаза тапты. Бұл туралы төтенше жағдай департаменті хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, өрт Әди Шәріпов көшесінде болған.

«30 қарашада сағат 5:33-те хабар түсті. Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы оқиға орнына 7 минут ішінде жетті. Олар барған кезде үш қабатты тұрғын үйдің жертөлесінің жанып жатқанын көрген, ғимараттың бірінші қабаты мен жертөлесі хостел ретінде жабдықталған. Өртті барлау және сөндіру кезінде 13 адамның денесі табылды, аты-жөндері анықталып жатыр»,- делінген төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Ведомство қаза болғандар газдан уланып қайтыс болған болуы мүмкін екенін айтады. Нақты себебі анықталып жатыр. Мәлімет бойынша, хостелде 72 адам болған, 59 адам өздігімен сыртқа шығып кеткен.

- Өрт 6:22-де сөндірілді. Өрт аумағы – 30 шаршы метрді қамтыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 46 адам және 13 техника қатысты,-дейді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Олардың ақпаратында, бірнеше адамның ауруханаға түскені хабарланды. Біреуі газдан уланған, жағдайы орташа ауыр. Тағы бір адам амбулаторлық емдеуге жіберілген.

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

12.05.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды