Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыдағы өртті кім қойғаны белгілі болды

Сұқбат
Алматыдағы өртті кім қойғаны белгілі болды

 Алматыда ағаштарды өртеген ер адам мәлім болды. Бұл туралы Malim.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.    

«Бейнекамералар мен куәгерлік жауап алу арқылы Бостандық ауданында болған өртке кінәлі күдікті ер адам анықталды. Бұл – 1968 жылы туған азамат. Ол от жаққанын мойындады», - делінген полиция мәліметінде.

Ер адам мас болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан.

«Бірақ өрт бұталарға өткен, сол кезде ер адам қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалған. Оқиғаның мән-жайы анықталады», - деді полиция өкілдері.

Еске салайық, кеше Көктөбе баурайында тұтанған өртпен күрес жүріп жатқан кезде, Көктөбе саябағына жақын жерде ағаш арасында от жағып жатқан ер адамның видеосы тараған болатын. Алматы қалалық Полиция департаменті Бостандық ауданының полиция басқармасы видеоны дереу тексеруге кірісті.   

Көктөбе баурайында өрт кеше кешкісін шыққан. Бір жарым сағаттан кейін жалын  толық сөндірілді.   

Бұдан бөлек, кеше өрт сөндірушілер өзге екі ошақтағы өртпен күрес жүргізді. Таңғы сағат 11:08 шамасында Медеу ауданындағы тау бөктерінде қураған шөп лапылдап жана бастаған.   Кейін Кеңсай зираты аумағында да өрт тұтанды.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу