«Алтын Ордада» адам сатылып жатыр

  • 07.12.2021

Алматы қаласындағы «Алтын Орда» базарында 40 жастағы ер адам саудаланып, оны белгісіз біреулер сатып алған. Бұл туралы Malim.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Арнаның хабарлауынша Тараз қаласындағы базарлардың бірінде етікші болып күн көріп жүрген ер адам көбірек табыс табу үшін Алматыға келеді. Тараз, Шымкент бағытындағы автобустар мен таксилер жүретін «Алтын Орда» базары маңында оны біреулер ұстап алып, әлдекімдерге сатып жіберген. Ол қарындасының үйіне»киімдерін алып кету үшін» келіп, әпкесіне: «Мені жібермеші, алдап-сулап алып келдім», дейді. Әлгі адам сатып алғыштар бұл ер адамның құны 2000 теңге болғанын айтқан.

Бар болғаны 2000 теңгеге сатылып кеткен адам арзан жұмыс күші ретінде бір фирмада еркінен тыс жұмыс істеп келген. Оның айтуынша, базарда адам саудасы бар. Онда мылқауларды сатады, ал сатып алушылар адамдарды шетелдерге немесе Қазақстанның әр түрлі аймақтарына арзан (тегін) жұмыс күші (құл) ретінде әкетіледі. 40 жастағы ер адам оларды аямай жұмыс істететінін және ұрып-тепкілейтінін айтқан.

Бұл жағдайға байланысты жауапты органдар әлі нақты мәлімдеме жасаған жоқ. Ішкі істер министрлігі мұндай саудаға көбіне қалтасында құжаты жоқ немесе өзге қалаға барып, адасып кеткен адамдар ұшырайтынын айтады. Оларды қармаққа түсірудің жолы да әр түрлі. Алдап-арбау арқылы құлдыққа, жезөкшелікке салады. Айта кетерлігі, Қазақстандағы адам саудасының 70 пайызы жезөкшелікке байланысты.

2020 жылы Қазақстан адам саудасы бойынша АҚШ Мемлекеттік департаментінің адам саудасы жөніндегі баяндамасында (TIP Report )Қазақстан Екінші деңгейлі бақылау тізіміне енген. Адам саудасы бойынша бақылауға алынған елдерге тараптар ұсыныс айтады, талап қояды, шара қабылдауды ескертеді. Егер талаптары орындамаса түрлі санкциялар салынып, түрлі халықаралық деңгейдегі шектеулер қойылу мүмкін.

Адам саудасы әлемдегі ең көп пайда әкелетін сауда түрлерінің үздік үштігінде тұр. Бейресми статистика бойынша әлемде жылына 2,5 млн адам осы саудадан зардап шегеді екен.

Байланысты жаналықтар

Түркия Иранмен шекарада бетоннан қабырға тұрғызып жатыр

07.11.2024

«Моншада тұрғызып, зорлық көрсетті»: Алматылық жігіт спортшының отбасында құлдықта болған

09.10.2024

17 жыл құлдықта болған қыздардың жаңа бейнесі көпті таңғалдырды

27.09.2024

Елімізде онлайн жезөкшелікке тыйым салынды

06.09.2024

Қызылордада мектеп оқушысын жезөкшелікке салған оқушыларға қылмыстық іс қозғалды

08.08.2024

Еңбек мигранттарының көбі елімізге Қытайдан келеді

25.07.2024
MalimBlocks
Түркия Иранмен шекарада бетоннан қабырға тұрғызып жатыр

Шекараны заңсыз кесіп өтетіндер көбейген

«Моншада тұрғызып, зорлық көрсетті»: Алматылық жігіт спортшының отбасында құлдықта болған

Ол 10 ай бойы мал баққан

17 жыл құлдықта болған қыздардың жаңа бейнесі көпті таңғалдырды

Апалы-сіңлі Құндыз бен Назгүл қалыпты өмірге оралған

Елімізде онлайн жезөкшелікке тыйым салынды

Қызылордада мектеп оқушысын жезөкшелікке салған оқушыларға қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда облысында мектеп оқушылары 16 жастағы қыз баланы қинап ұстап, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Еңбек мигранттарының көбі елімізге Қытайдан келеді

Олар қызметкерлердің жалпы санының 96,8%-ын құрап отыр.