Англия соты Дариға мен Нұрәлінің сөзін сөйледі

Malim Админ

  • 21.06.2020

Ұлыбританияның апелляциялық соты Дариға Назарбаева және ұлы Нұрәлі Әлиевтің Лондондағы “шығу төркіні белгісіз байлыққа алынған” екі элиталық зәулім үйі мен пәтерін бұғаттан босату туралы шешімге апелляциялық шағым түсірген қылмыспен күрес жөніндегі агенттіктің өтінішін қанағаттандырмаған. Дариға Назарбаева мен Нұрәлі Әлиевтің мүліктеріне қатысты апелляциялық соттың шешімін Азаттық радиосы британдық Law360 онлайн-ресурсына сілтеме беріп хабарлады.

Апелляциялық соттың судьясы Сью Карр қылмыспен күрес жөніндегі агенттіктің бірінші инстанцияда шыққан [Лондон жоғарғы соты шығарған] "шешімді өзгертуге шынайы перспективасы жоқ" деп тапқан. Бұған дейін Дариға Назарбаеваның Лондондағы сарайын қорғап қалғаны жазылған еді.

Карр төменгі инстанциядағы судья Беверли Лэнгтің "істің байыбына жеткенін" айтып, жауапкердің дәлелдері бұл істің негізсіз екенін көрсетеді деп тұжырым жасаған Лэнг байламымен келіскен.

Судья Лэнг 2007 жылы Рахат Әлиев қызметінен кетіріліп, Назарбаевамен ажырасқанын, ал ұлы Нұрәли Әлиев LinkedIn аккаунтындағы мәліметіне сәйкес, кәсіпкер әрі 2006 жылдың мамырынан 2010 жылды шілдесіне дейін «Нұрбанкте» түрлі жетекшілік қызмет екенін айтып, бұл дүние-мүліктерге Рахат Әлиев ақшасының қатысы жоқ деген үкім шығарған еді.

17 маусымда шықты делінген сот шешімі сенбі күні де Ұлыбританияның азаматтық істер жөніндегі апелляциялық соттың сайтында жарияланбады.

Экс-президенттің қызы, экс-сенат төрайымы Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәли Әлиев 8 сәуір күні Лондонның жоғары сотында «шығу төркіні белгісіз ақшаға алынған үш жылжымайтын мүлікті» бұғаттау ісі жөніндегі сотта жеңіп, Нұрәлі Әлиев мәлімдеме жасаған еді.

Нұрәли Әлиев өз мәлімдемесінде Ұлыбританияның қылмыспен күрес агенттігінің тергеуін «мүлде негізсіз» және «жаңсақ» деп атаған болатын.

Фото. Abai.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан vs Өзбекстан: Үлкен қыздардың үлкен ойлары

22.12.2022

Дариғаның орнын кім басады?

25.02.2022

Могиканның соңғы тұяғы. Назарбаевтар билігі бітті ме?

11.02.2022

Дариға Назарбаева «Nur Otan» партиясынан шықты

28.01.2022

Назарбаевтың күйеу балалары қызметтерінен босатылды

15.01.2022

Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағалығын тапсырып берді

23.11.2021
MalimBlocks
Қазақстан vs Өзбекстан: Үлкен қыздардың үлкен ойлары

Өзбекстанның президенті Ш.Мирзиеев Қазақстанның экс-президенті Н.Назарбаевтың қателігін қайталай ма?

Дариғаның орнын кім басады?

Бұрынғы депутат Дариға Назарбаеваның мәжілістегі орнына саясаттанушы Саясат Нұрбек отыратын болды.

Могиканның соңғы тұяғы. Назарбаевтар билігі бітті ме?

Желіде мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның отставкасын талап ететін петиция пайда болды.

Дариға Назарбаева «Nur Otan» партиясынан шықты

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің құрамынан шықты

Назарбаевтың күйеу балалары қызметтерінен босатылды

Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағалығын тапсырып берді