Бапкерлерге біржынысты қарым-қатынас тиімді - Сатыбалдинова

Айшолпан КЕРІМ

  • 24.09.2021

Боксшы Аида Сатыбалдинова әлеуметтік желіде видео жариялап, бапкерлер өз пайдасы үшін әйелдер боксындағы біржынысты қарым-қатынасқа қолдау білдіретінін айтты.

“Бокстан әйелдер ұлттық құрамасында қыздар дәстүрлі емес жыныстық көзқарасты ұстанады, мені кімнің қандай көзқараста екені қызықтырмайды. Бірақ олардың осы идеологияны келер ұрпаққа насихаттауына қарсымын. Бәріңіздің әпке-қарындастарыңыз бар, қыздарыңыз бар, перзентіңізді бір күні біреу келіп “Қыз баланың қыз баланы жақсы көруі - жаман нәрсе емес” деп айтуы үшін бағып-қаққан жоқсыз ойлаймын” - деді боксшы.

Сатыбалдинова бокстағы әйелдер уақыт өте түрлі себептен спорттан кетіп қалатындықтан, бапкерлер үшін спортшы қыздар арасындағы біржынысты қарым-қатынас тиімді екенін айтады.

“Әр бапкер өз шәкіртін Олимпиада ойындарына шығаруды армандайды, сол себепті оны бар ынтасын салып, жарысқа дайындайды. Алайда қыз бала кез келген уақытта келіп, “Мен енді бокспен айналыспаймын, себебі тұрмысқа шыққалы жатырмын” деп немесе “Аяғым ауыр, бокстан кетемін” дей салуы мүмкін. Осы себептен, тек өз пайдасы үшін олар (бапкерлер - ред.) қыздардың бір-бірін ұнатып, жақсы көруіне көз жұма қарайды, тіпті осыны қолдайды” - дейді спортшы.

Сатыбалдинованың бұл мәлімдемесіне қатысты Қазақстан Бокс Федерациясының баспасөз хатшысы Аян Төлеген “Сырттағы адамның сөзіне мән беретін уақыт жоқ” деп жауап берді.

“Аида Сатыбалдинованың Қазақстанның бокстан әйелдер құрамасында дәстүрлі емес жыныстық көзқарастағы қыздар жайлы мәлімдемесіне келсек, біріншіден, федерация жетекшілігі ауысқан соңғы жылдарда спортшылар да, бапкерлер де мұндай әңгіме айтып келмеді. Екіншіден, бұл - өте ауыр жыл, біз бокстан әйелдер мен ерлер арасындағы Чемпионатты күтіп жүрміз. Шынын айтқанда, қазір сырттағы, әсіресе Қазақстан құрамасында не болып жатқанынан хабары жоқ адамның мәлімдемесіне бөлетін уақыт жоқ”, - деді федерацияның баспасөз хатшысы.

Аян Төлеген түрлі дау Азия чемпионатында әйелдер құрамасы сегіз алтын алған соң басталды деп есептейді.

“Еңбектерін президент Қасым-Жомарт Тоқаев бағалады, енді оларға күйе жағып, жаман атқа қалдырып жатыр, біздің қыздарға мұндайды оқу ауыр” - деген Төлеген мұның орнына жетістіктерге көңіл бөлуге шақырды.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін