BekAir апаты: жерді сатқан шенеунік ұсталды
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты аумақта болған ұшақ апатына көршілес Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары кінәлі болып шықты. Бұл туралы бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік хабарлады.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Марат РЫСБЕКОВ БҰДАН БҰРЫН Талғар ауданында қызмет етіп жүргенде жер учаскелерін заңсыз сатқан.
"Ол 2017 жылы Талғар аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы қызметіне атқарып жүргенде 16 жер учаскесіне құрылыс салудың сызба-нұсқасын заңсыз рәсімдеді деген күдікке ілінді. Осы құжат негізінде Жұмабаевтың атына меншік құқығы туралы құжаттар жасалды. Жалпы ауданы бір гектарды құрайтын жер учаскелері Талғар ауданының Панфилов ауылдық округінде Алматы әуежайына жақын орналасқан", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аға тергеушісі Данияр БЕКАЙДАРОВ.
Оқи отырыңыз: Үй иесі: Bek Air өзімді кінәлі етіп шығармақ (жедел сұхбат)
Астанада өткен баспасөз мәслихатында бұл іске қатысты Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі лауазымын асыра пайдалануға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағаны хабарланды.
Айта кетейік, 2019 жылы 27 ақпанда Bek Air әуе компаниясына тиесілі Fokker 100 ұшағы Алматы маңына құлап, әуежайға жақын орналасқан үйге соғылған. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болды және 13 адам қаза тапты.
Осыдан кейін BekAir әуе компаниясының жұмысы уақытша тоқтатылды.
Фото: inform.kz